Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 Бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Төмендегі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанды киім (погонсыз) үлгілері;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру үлгілерінің Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекция басшылары өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нысанды киімдерін (погонсыз) сатып алуды республикалық бюджетпен қарастырылып бөлінген қаржының шегінде қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Хасенов С.С.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.