«Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 311 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы: