«Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығы (2025.22.08. берілген өзгерістермен)

Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығы

(2025.22.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.13.07. № 513 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025.06.08. № 311 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.13.07. № 513 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.