Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 830 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-2-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған деректерді басқару жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қарашадағы
№ 925 қаулысымен
бекітілген
Деректерді басқару жөніндегі талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Деректерді басқару жөніндегі талаптар (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-2-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және деректерді басқару жөніндегі талаптарды айқындайды.
құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді қамтитын ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, мемлекеттік органдарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне олар жинайтын және өңдейтін бардық деректерге қатысты;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уәкілеттік берілген заңды тұлғаларға (бұдан әрі - ұйымдар) қолданылады.
мемлекеттік функцияларды жүзеге асырған және олардан туындайтын қызметтерді көрсеткен кезде деректерді бір мәрте ұсыну және бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігін;