Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.