(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ ҮШІН...

Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/632-6с шешiмi

 

Осы редакция 2022 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Шымкент қаласы

мәслихатының 2020 жылғы

14 қыркүйектегі № 69/632-6с

шешіміне қосымша

 

 

Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері

 

1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.