Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығы
(2021.28.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.22.07. № 71, ҚР Қаржы министрінің 2021.15.07. № 680 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.28.07. № 371 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 239) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;