Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 401 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 401 бұйрықпен
бекітілген
Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау
ерекшеліктері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері (бұдан әрі - Ерекшеліктер) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 147-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібін айқындайды.