(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТШЫЛАРДЫ Д...

Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығы

(2023.13.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023.13.01. № 5 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ.Есентаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023.13.01. № 5 бұйрығымен спортшылардың жас шамасы жаңа редакцияда (2023 ж. 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 205 бұйрығымен спортшылардың жас шамасы өзгертілді (1-тармақтың он екінші абзацы 2023 ж. 30 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады, 2023 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 20 қазандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.