«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ «Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 829/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ «Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлері, аталған бұйрықпен бекітілген, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;