«Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 бұйрығы

Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекттік тіркеу тізілімінде № 10057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 29 мамырдағы

№ 275 бұйрығына қосымша

 

 

Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік

құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.