«Автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 622 бұйрығы

Автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 622 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-1-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 23 қазандағы

№ 622 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.