«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Р. Исакулов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және цифрлық

даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің міндетін атқарушының

2026 жылғы 26 ақпандағы

№ 76 бұйрығына

қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. ««Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.