«Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы

 

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

2024 жылғы 28 маусымдағы

№ 230 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу кезінде қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.