«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 342 бұйрығы

 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 342 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандардың (бұдан әрi – ӨББА-ға және ӨЖББАА-ға сотталғандар), сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындардың жазасын өтеу ерекшеліктері;»;

2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

10) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

«10) мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдарда ұсталатын сотталғандардың жазасын өтеу ерекшеліктері.»;

3-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Сотталғандарды мекемеге қабылдауды мекеме бастығының кезекшi көмекшiсi (бұдан әрі – кезекші) арнайы бөлiм мен мекемеде орналасқан медициналық ұйым қызметкерлерінің қатысуымен мекеменің бақылау-өткізу пунктінде жүзеге асырады. Қызметкерлерді үстеме жұмыстарға тарту Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.