(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРГЕ СУ БЕРУ ҚЫЗМ...

Осы редакция 2019 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018.30.11. № 416/7 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы 2 ақпандағы

№ 22/1 қаулысымен

Бекітілді

 

 

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2018.30.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1 -тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» № 6-4/1072 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі субсидия алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту жолданады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.