(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 шешімі

 

Осы редакция 2019 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 122 129 902,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер- 77 275 438,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 5 708 614,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 39 122 850,0 мың теңге;

2) шығындар - 121 443 499,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 419 631,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 2 990 391,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 410 022,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 491 358,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 491 358,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 614 676,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 614 676,0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 2 780 391,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 3 395 067,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. 2019 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

1)төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:

Бейнеу ауданына - 100 пайыз;

Қарақия ауданына - 58,2 пайыз;

Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;

Түпқараған ауданына - 57,2 пайыз;

Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;

Ақтау қаласына - 15,1 пайыз;

Жаңаөзен қаласына - 40,7 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.