«Арнайы білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 604 Қаулысы (күші жойылды)

Арнайы білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 604 Қаулысы

 

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері:

1) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының жекелеген тармақтары мен абзацтарының күштері осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.