Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ереженің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.