Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығы
(2015.02.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 2 қарашада № 168(1197) жарияланған);
2) «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 361 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6867 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572)) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамсыз етсін.