«Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 350 бұйрығы (2025.21.07. берілген өзгерістермен)

Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 350 бұйрығы

(2025.21.07. берілген өзгерістермен)

 

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2024 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 350 бұйрығымен

бекітілген

 

Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың

үлгілік шарты

 

 

Бұдан әрі «Нетто-тұтынушы» деп аталатын

____________________________________________________________________

   (заңды тұлғаның атауы, құрылған күні, тіркеу туралы анықтама, тіркелген күні мен

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.