Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 «2024-2026 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 1 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 70 861 389,4 мың теңге:
салықтық түсімдер - 29 209 382, 3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 321 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 962 177 мың теңге;
трансферттер түсімі - 34 368 830,1 мың теңге;
2) шығындар - 74 734 844,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 523 454,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - -3 523 454,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 643 618,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 9 703 162 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 2 582 998,8.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы | А. Бердагулов |
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 1 шешіміне
Қосымша 1
Петропавл қаласының 2024 жылға арналған бюджеті
| Санат | Сомма (мың теңге) | |||
|
| Сынып | |||