«Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығы

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығы

 

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігі төрағасының

міндетін атқарушы

2025 жылғы 25 шілдедегі

№ 9 бұйрығымен бекітілді

 

 

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.