Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығы
(2026.16.05. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 403 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Іс қағаздарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 12 мамырдағы
№ 386 бұйрығына
1-қосымша
Іс қағаздарды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Іс қағаздарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке орындауда іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Іс қағаздарын ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу, сақтау, есепке алу, сондай-ақ, (қызметін тоқтатқан жағдайда) істерді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруді жеке сот орындаушысы қамтамасыз етеді.