«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 203 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Республикадағы асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың саны туралы есеп» нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Республикадағы асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау туралы есеп» нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығының саны туралы есеп» нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Асыл тұқымды жануарлардың тізілімі» нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.