Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығы
(2026.19.01. берілген өзгерістермен)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 18) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.18.06. № 203 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.31.12. № 509 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Республикадағы асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың саны туралы есеп» нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Республикадағы асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау туралы есеп» нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығының саны туралы есеп» нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Асыл тұқымды жануарлардың тізілімі» нысаны бекітілсін;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты» нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: