(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАНДЫ, ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУ, ӨҢДЕУ, САҚТАУ,...

Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы № 666 Бұйрығы

(2012.26.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 162-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қанның, оның компоненттері мен қан препараттарының номенклатурасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу ережесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қанды, оның компоненттері мен препараттарды сақтау, құю ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Мынадай:

1) «Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда қан мен оның компонентерін, қан препараттарын, консервациалау құралдарын дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 465 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3886 тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 18 қарашада № 150-151(775) жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.