Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы - аппарат басшысының 2024 жылғы 10 қазандағы № 1-9/43 өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты туралы Ереженің 6-тармағы мен 20-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 1-тармағының 16-2) тармақшасымен және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппараты басшысының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.