«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 126-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңыніске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі(бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 8 қазандағы
№ 126-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі