Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуға байланысты дауларды шешу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 53 бұйрығы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73 және 73-1-бабтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуға байланысты дауларды шешу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.