Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 Қаулысы
(2025.16.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 16-5) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңес туралы Ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңестің құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңес туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 7/184 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 26 қазандағы
№ 100/590 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - ҚР ОСК) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Осы Ереже Кеңесті қалыптастыру және оның қызметі тәртібін айқындайды.