Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 717 бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 қараша
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысы
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 717 бұйрығымен бекітілген
Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему
нормалары
| Тауардың атауы | Кему нормасы, % | |
| жыл бойы | ||
| сауда объектілерінің 1-тобы* | сауда объектілерінің 2-тобы* | |
| Ет және ет тауарлары | ||
| Мұздатылған ет: | ||
| сиыр еті, бұзау еті, қой еті, ешкі еті, жылқы еті, түйе еті | 0,50 | 0,50 |
| шошқа еті | 0,50 | 0,50 |
| жабайы малдардың еті (қабан, бұғы, киік және тағы басқа) | 0,50 | 0,58 |
| Тоңазытылған ет: | ||
| сиыр еті, бұзау еті, қой еті, ешкі еті, жылқы еті, түйе еті | 0,60 | 0,70 |
| шошқа еті | 0,59 | 0,59 |