«Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына және «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларында:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) келісіледі.»;
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1 жол мынадай редакцияда жазылсын:
«