«Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-5/612 бұйрығы (күші жойылды)

Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-5/612 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 4 тамыз

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 7 шілдедегі

№ 4-5/612 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрленген және мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу тәртiбiн айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.