(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ МҮЛІКТІК ЖАЛДАУДЫҢ (ЖАЛҒА БЕРУД...

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығы

(2018.01.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 17 наурыздағы

№ 211 бұйрығымен

бекітілген

 

нысан

 

 

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің)

үлгілік шарты

_________________________________

(объектінің атауы)

 

 

Бұдан әрі «жалға беруші» деп аталатын _________________________________________________________________________________________________атынан

(жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы)

____________________________________________20 жылғы «____»__________ №____________ бекітілген

__________________________________________туралы 20___________жылғы

«_______»__________ №_________Ереженің негізінде әрекет ететін басшы

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.