Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы
(2022.18.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының