«Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есепке алу құралдары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 538 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есепке алу құралдары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есепке алу құралдары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде су есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 25-бабы 2-тармағы 12) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 449) тармақшасына сәйкес әзірленді.