«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 325 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 325 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 3-2/288 бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: