«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 9-қосымша) (2026.24.04. берілген өзгерістермен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.01.08. № 287 бұйрығымен (2023 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығына

9-қосымша

 

 

 «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету

қағидалары

(2026.24.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.29.02. № 82 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.