«Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 310 бұйрығы

Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 310 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қарыз тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 19 маусымдағы

№ 310 бұйрықпен бекітілген

 

 

Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру

қағидалары


1-Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 139-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қарыз тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.