Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы
(2018.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.