«Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/03 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, карантиндік объектілердің Қарағанды облысының аумағында таралу ошақтарын оқшаулау және толық жою мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 12/03 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1830 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 маусымдағы № 98-100 «Орталық Қазақстан» және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 75 «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқалған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
2015 жылғы 9 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 30 мамырдағы
№ 12/03 қаулысына қосымша
Карантин режимі енгізілуі тиіс өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау нысандарының
ТІЗБЕСІ
№ п/п | Шаруашылық субъектілер, басқа да нысандар атауы, жер телімдерінің санаттары | Аудандар (қалалар), ауылдық округтер және елді мекендер атауы | Залалданғаны (ластанғаны) | Ошақтарды анықтау күні (актілер бойынша), ескертпелер | |
телімдер (алқаптар) | алаңы, гектар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қ ы з ғ ы л т у к е к і р е (Acroptilon repens L.D.C) | |||||
I. | Абай ауданы | 38 | 1050 |
| |
1 | «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды облыстық филиалы, республикалық маңызы бар автожолдарға бөлініп берілген тілкем | Құлайгыр а/о | 1 | 23 | 28 мамыр 2010 жыл |