«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 Қаулысына 54-қосымша) (2018.19.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.19.11. № 288 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 71 қаулысына

54-қосымша

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының

(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.19.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

2) құжаттар топтамасын берген сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты - 4 (төрт) сағат.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.