«Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 227 бұйрығы (күші жойылды)

Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 227 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.