«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналардың:

1) «Есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қазанда жарияланған);

2) «Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 227 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15867 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.