Мемлекеттік «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 499 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 139-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру,
айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 139-бабының 6-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - орталық) - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;
2) бастамашы - «жасыл» жобаларды іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
3) депозитарий қағидалары - депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.