Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 29 тамыздағы № 286 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 42-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп
және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 286 бұйрықпен бекітілді
Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын жүргізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ жаңа материалдар мен бұйымдарды, озық технологияларды, машиналарды, жабдықтар мен механизмдерді, карьерлер мен өндіруші зауыттардан алынатын жол-құрылыс материалдарын техникалық реттеу объектісінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында іздестіру, жобалау, салу, пайдалану және кәдеге жарату кезеңдерін қамтитын өмірлік циклдің барлық кезеңінде енгізу және қолдану процесін реттейді.