Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 Қаулысы
(2023.01.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 886 Қаулысымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 511 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 34, 325-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1091 қаулысымен бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) - заңды тұлға және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) тізілім - кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - бұл кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.