«Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/153-VIII «Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 34/217-VIII шешімі

Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/153-VIII «Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 34/217-VIII шешімі

 

Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы 25/153-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 3 830 102,8 мың теңге:

салықтық түсімдер - 2 346 860,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 14 511,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 39 852,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 1 428 879,7 мың теңге;

2) шығындар - 4 768 744,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -94 864,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -843 777,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 843 777,3 мың теңге:

қарыздар түсімі - 452 542,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 94 864,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 486 099,3 мың теңге.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2025 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 9 305,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық

мәслихатының төрайымы

 

Г. Хусайнова

 

Курчатов қалалық мәслихатының

2025 жылғы 28 қарашадағы

№ 34/217-VIII шешіміне

қосымша

 

 

Курчатов қаласының 2025 жылға арналған

бюджеті

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.