2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар барлық жаңартылатын көздер электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) Тізілімде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен және (немесе) жаңартылатын көздерден ғана сатып алуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
Бұл ретте жасыл энергияны тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатып алуға құқығы бар;
4) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алуды жүзеге асыруға міндетті;
5) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатуға тыйым салынады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуіне (сатуына) тыйым салынады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7) тармақша өзгертілді
7) шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшілері, инвестициялық тарифті алушылар республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтыну үлесін, олардың құрамына кіретін жаңартылатын көздер өндірген электр энергиясының көлемін, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жаңартылатын көздерден олар сатып алатын электр энергиясының көлемін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын көздерден электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарын ескере отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептейтін баға бойынша және көлемде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға, сондай-ақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер арасында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімі электр энергиясын өндіру-тұтынудың көрсетілген тәуліктік графигінде сақталған кезде электр энергиясын нақты өндіру-тұтынудың тиісті сағаты басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін ұлғайтып (жоғары) немесе азайтып (төмен) өзара түзетуге жол беріледі;
9) осы тармақта көрсетілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуы мен сатуы, сондай-ақ тиісті өзара есеп айырысулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады;
11) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары мен кірістері электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сату бағасын айқындау кезінде ескеріледі;
12) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алу-сатудың жоспарлы көлемі электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан барлық электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі болып табылады;
13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өздері сатып алған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
14) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдарға және жаңартылатын көздерге олардан сатып алынған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес факт бойынша жүзеге асырады;
17) аударуға жататын ақша қаражатының сомасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес есептеледі;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 18) - 20) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
18) тармақша 2036 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
18) электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер) инвестициялық тарифті алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, өтінім береді. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық тарифті беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер) инвестициялық тарифті алушылар тізбесіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық тарифті алушылар тізбесін қалыптастыру және инвестициялық тарифті белгілеу кезінде іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындау мерзімінен аспайтын және жиынтығында өндірістік объект пайдалануға берілген кезден бастап он жылдан аспайтын инвестициялық тарифті беру мерзімін айқындау мақсатында осы тұтынушылар кірістілігінің нормасын ескереді;
19) инвестициялық тариф тиісті тұтынушы желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудың жалпы көлеміндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті тұтынушының сатып алу үлесі ескеріле отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға жұмсаған шығындарының үлесі сомасының инвестициялық тарифті алушының тұтыну көлеміне арақатынасы ретінде айқындалады;
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дивидендтер төленгенге дейін инвестициялық тарифтің қолданылу кезеңінде қызмет нәтижесінде алынған пайда туралы ақпарат бере отырып, инвестициялық тарифті нысаналы пайдалану фактісін анықтау үшін инвестициялық тарифті алушылар Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне аудиторлық есепті және қаржы-шаруашылық қызметті талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ұсынуға міндетті.
Аудиторлық есепті және қаржы-шаруашылық қызметті талдауды ұсынбау, сондай-ақ инвестициялық тарифті нысаналы мақсатта пайдаланбауды анықтау фактісі инвестициялық тарифті берудің күшін жою және инвестициялық тарифті алушыны инвестициялық тарифті алушылар тізбесінен алып тастау үшін негіз болып табылады.
Инвестициялық тарифті қолдану нәтижесінде инвестициялық тарифті алушының шығындарын, оның ішінде инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті пайда алынған жағдайда, инвестициялық тарифті алушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушының бағасы мен инвестициялық тарифтің айырмасы мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен есептелетін пайда болған артық кірістен түскен қаражатты электр энергиясын бірыңғай сатып алушының пайдасына қайтаруды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда инвестициялық тарифті алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен инвестициялық тарифті тұтыну шылар тізбесінен шығарылады.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алынған қаражатты тұтынушылар үшін электр энергиясына тарифті төмендетуге жұмсайды.
6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясы үшін ақы төлемеген жағдайда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне өтінімі келесі тәуліктерге жіберілмейді (алып тасталады).
7. Энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясы үшін ақшалай қаражат сомасын төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін бекіткеннен кейін жүргізіледі.
8. Шотты ашуға, жүргізуге және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісіне жүктеледі.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын ұйымдардан электр энергиясын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
Осы баптың күші, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы электр энергетикалық нарығына қатысқан жағдайда, оларға қолданылмайды.
5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық
жүйесіндегі авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару
20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар
1. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жүйелік авариялардың алдын алу немесе оларды жою үшін жүйелік оператор меншік нысанына қарамастан, кез келген энергия өндіруші ұйымдардың резервтерін (генерацияланатын қуатты жүктеуге де, жүктен босатуға да) және тұтынушылардың дербес қоректену көздерін іске қосады.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Авариялық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою үшін гидроэлектр станцияларының генерацияланатын қуатын өзгерту қажет болған кезде жүйелік оператордың гидроэлектр станцияларының реттеушілік қабілетін пайдалану үшін гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістерді жедел енгізуге құқығы бар. Бұл ретте су электр станциясының меншік иесі (иеленушісі) су тораптары арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясын бекітілген графиктен тыс ағызылған судың уақыты, ұзақтығы мен шығыстары туралы хабардар етуге міндетті.
4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жүйелік авария туындаған кезде энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен энергиямен жабдықтаудың тиісті авариялық және технологиялық бронь актілері бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен үздіксіз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төндiруге алып келетін шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.
3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелерге авариялық бронь мемлекеттік мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөніндегі шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.
22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.
3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.
23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабының 2-тармағы мен 14-бабының 4-тармағын;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген нормалар 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
3. «Электр энергетикасы туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 729-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Энергия берушi ұйымдар электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтi энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлудi 2004 жылғы 1 қазанға дейiн жүзеге асырсын.
2. Өңірлік электр желісі компаниялары электр энергиясын беру жөніндегі қызметті энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлуді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құру жолымен 2004 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырсын.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Энергия өндіруші ұйымдар 2009 жылғы 1 мамырдан бастап осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімдер жасассын.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында көзделген тыйым салу электр энергиясын оны орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын көлемде беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатқан жағдайларға 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге қолданылмайды.
5. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйымдар:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;
3) 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа сай келуге тиіс.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес беруді қамтамасыз етеді.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы Заңның 13-бабының 6-2-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келуге тиіс.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағының күші бірыңғай сатып алушы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Уәкілетті орган жүйелік оператормен бірлесіп, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосуды қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы моделіне көшуді қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Электр энергиясын сатып алу және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сату бөлігіндегі осы Заңның күші 2023 жылғы 1 шілдеге дейін бұзылуға жататын бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Осы Заңның 7-1-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін энергия беруші ұйымдар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түріне арналған лицензияны 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде алуға міндетті.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14. Осы Заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес келмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды (рұқсаттарды және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды) лицензиар лицензиядан айыруға (кері қайтарып алуға) немесе оның қолданысын тоқтата тұруға тиіс.
2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15. 5-2-баптың үшінші бөлігі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
16. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жүйелік оператор мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
17. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
18. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасы 2036 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ инвестициялық тариф берілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.